Жаңалықтар

Қытайда шошқа бауыры алғаш рет адамға трансплантацияланды

Қытайда шошқа бауыры алғаш рет адамға трансплантацияланды
Фото: © Pixabay.com 19.03.2024 09:37 2402

Қытай ғалымдары миы өлген науқасқа тұңғыш рет генетикалық түрлендірілген шошқа бауырын трансплантациялауды сәтті жүзеге асырды. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ғалымдар алдымен көмекші трансплантация жасап, ол бастапқы орган трансплантациямен біріктірілді, өйткені шошқа бауыры адам бауырын толығымен алмастыра алмайды екен. Науқастың медициналық зерттеулерге қатысуына оның отбасы келісім берген.

Операция нәтижесінде 96 сағат ішінде қан жаңа мүше арқылы айнала бастаған.

Қытайлық дәрігерлердің зерттеулері донорлық органдардың жетіспеушілігін жеңілдетеді және трансплантация ауруды жеңудің жалғыз жолы болып табылатын науқастарға көмектеседі.

2022-2023 жылдары шошқаның жүрегін трансплантациялау операциялары өткен, бірақ екі науқас та операциядан соң асқынудан қайтыс болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға