Жаңалықтар

Қытайда пара алған жоғары лауазымды шенеунік өлім жазасына кесілді

Қытайда пара алған жоғары лауазымды шенеунік өлім жазасына кесілді
Фото: © AFP 26.07.2023 16:51 704

Ханчжоу қаласында Қытай Коммунистік партиясының жоғары лауазымды қызметкері Чжоу Цзяньён 182 миллион юань (25 млн доллар) пара алды деген айыппен өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

South China Morning Post ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жемқор шенеунік жер мәселесін шешу үшін ұйымдар мен жеке тұлғалардан ақша алған.

Оқи отырыңыз:

Қазіргі уақытта Қытайда өлім жазасы көп жағдайда жүрек соғысын тоқтататын инъекция арқылы жүзеге асырылады, бұған дейін тек ату жазасы қолданылып келген. Бүгінде ату жазасы өлім жазасына кесілген қылмыскерлердің белгілі бір санаты – тек кісі өлтіргендер мен есірткі сатушылар үшін ғана қолданылады. 

Алайда жергілікті БАҚ 56 жастағы партия қызметкері үшін өлім жазасын өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыруы мүмкін деп жазады. Бұл жағдайда ол өмір бойына саяси құқықтарынан айырылып, мүлкі тәркіленеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға