Жаңалықтар

Қытайда күйеу жігіт қалыңдығының көзіне шөп салған видеосын тойда көрсетті

Қытайда күйеу жігіт қалыңдығының көзіне шөп салған видеосын тойда көрсетті
Фото: © Pixabay.com 23.02.2024 16:29 2786

Қытайда күйеу жігіт неке қию рәсімінде қонақтарға қалыңдығының көзіне шөп салғандығының видеосын көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ең сорақысы, қалыңдық жігіттің аяғы ауыр әпкесінің күйеуімен көзге түсіп қалған. Ер адам болашақ әйелі мен жездесінің бұл әрекетін үйдегі камерадан көріп қалған. Ол жазбаны сақтап алып, тойда қонақтар алдында паш еткен.

Ladbible.com мәліметінше, видеоны көпшілік назарына ұсынған соң, қалыңдығы мен жездесін айыптаған. Ашуға булыққан бойжеткен оны қолындағы гүлмен ұра бастаған. Жиналғандар екеуін екі бөлек алып кеткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға