Жаңалықтар

Қытайда көпқабатты үйден шыққан өрттен 15 адам қайтыс болды

Қытайда көпқабатты үйден шыққан өрттен 15 адам қайтыс болды
Фото: Видеодан алынған кадр 24.02.2024 12:07 605

Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясында орналасқан Нанкин қаласында көп қабатты үйлердің бірі отқа оранып, 15 адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала мэрі Чэнь Чжичанның айтуынша, жарақат алғандарды ауруханаға жеткізу үшін 32 жедел жәрдем көлігі жұмылдырылған, ал оларды емдеу үшін күйік шалғандармен жұмыс істеуге маманданған дәрігерлерден, психологтардан арнайы топ құрылды.

Оқиға салдарынан 15 адам көз жұмып, 44 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың бірі өте ауыр халде, тағы бір адамның да жарақаты ауыр. 42 адам жеңіл жарақат алған, - деді ол Guancha басылымына берген сұхбатында.

Өртті сөндіру және іздеу-құтқару операциясына 25 техника бірлігі мен 130 адам жұмылдырылған.

Өрт басталғанда ғимарат ішінде 762 адам болған, билік өкілдері олардың 516-сын қонақүйлерге жатқызды. Тұрғындардың кейбір бөлігі туған-туыстары мен көршілерінің үйіне кеткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға