Жаңалықтар

Қытайда компартия съезінен кейін юань құны құлдырап кетті

Бұл өзгерісті жергілікті жұрт компартия съезінің нәтижесімен және бұрынғы төраға Ху Цзиньтаоны күшпен қуып шығумен байланыстырып отыр
Қытайда компартия съезінен кейін юань құны құлдырап кетті
Фото: stan.kz 25.10.2022 19:16 1360

Қытай юані коммунистік партия жиынынан кейін бірден әлсіреді. Тіпті сарапшылар, валюта құны 2008 жылы тіркелген деңгейге дейін құлдырағанын айтуда, деп хабарлайды El.kz. 

Қытайдағы валюта бағамының құлдырағанын Еuronews жазды. Мәліметке сүйенсек, қытайлық акциялар нарығын біріктірген Hang Seng China Enterprises-тегі индекс 7 пайызға құлаған. Тіпті көпке белгілі Alibaba, JD және Meituan сынды ірі компаниялар акциясы да 11 пайызға құлдырады.

Бұл өзгерісті жергілікті жұрт компартия съезінің нәтижесімен және бұрынғы төраға Ху Цзиньтаоны күшпен қуып шығумен байланыстырып отыр. Си Циньпиннің үшінші рет басшылық мандатқа ие болуы инвесторлардың да сеніміне күдік ұялата бастаған сыңайлы. Олар биліктің экономика дамуына қызығушылығын жоғалтып, керісінше көшбасшы айналасына топтасуда мақсат етуде дейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға