Жаңалықтар

Қытайда химиялық зауытта жарылыс болды

Қытайда химиялық зауытта жарылыс болды
Фото: © Pixabay.com 01.05.2023 22:31 712

Қытайдың Шандун провинциясындағы SinoChem Group химиялық корпорациясының химиялық зауытында өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зауыттың сутегі асқын тотығы өндірілетін жерінде жарылыс болып, ол өртке ұласқан.

Оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, бір адам жарақат алды, тағы бір адам іздестіріліп жатыр, - делінген мекеме таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілді, зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жарылысқа не себеп болғаны анықталуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға