Жаңалықтар

Қытайда Азия пара ойындарының ашылу салтанаты өтті

Қытайда Азия пара ойындарының ашылу салтанаты өтті
Фото: © Olympic.kz 22.10.2023 20:01 455

Бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласындағы «Үлкен Лотос» олимпиада стадионында IV Азия пара ойындарының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Ойындардың ашылу салтанатында еліміздің туын пара волейболдан Азия чемпионатының күміс жүлдегері Жанғали Сүйеуов және пара үстел теннисінен халықаралық жарыстардың чемпионы Алтынай Ержанқызы ұстап шықты.

ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Азия пара ойындарына қатысушыларды құттықтап, спортшыларымызды қолдауға шақырды.

Пара спортшылардың мұндай ірі додаға қатысуының өзі үлкен жеңіс. Тағдырдың тосын сынағына сынып кетпей, ерік-жігерінің, спортқа деген құштарлығының арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр, - деді министр.

Қытайда Азия пара ойындарының ашылу салтанаты өтті

Айта кетейік, қазанның 22-28 аралығында өтетін спорттық додаға 43 мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысады. Байрақты бәсекеде 131 спортшымыз 14 спорт түрінен өнер көрсетіп, 485 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға