Жаңалықтар

Қытай телеарнасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі

Қытай телеарнасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі
Фото: Ақорда 12.05.2023 14:50 779

Бүгін Қытайдың CCTV телеарнасының эфирінен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Президент ҚХР-ға мемлекеттік сапары қарсаңында еліміздің Қытаймен саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының даму перспективаларына, қазақ-қытай қатынастарының тарихы мен бүгінгі жай-күйіне, жаһандық және өңірлік саясатқа қатысты Leaders Talk бағдарламасының сұрақтарына жауап береді.

Leaders Talk – халықаралық проблемалар талқыланатын бағдарлама. Бұған дейін аталған бағдарламаға 20-дан астам мемлекеттің басшылары мен халықаралық ұйымның жетекшілері эксклюзивті сұхбат берген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға