Жаңалықтар

Қытай Қазақстанға АЭС-ті қанша қаражатқа салып беретінін мәлім етті

Қытай Қазақстанға АЭС-ті қанша қаражатқа салып беретінін мәлім етті
Фото: ©El.kz/Миражан МАХАН 04.12.2023 18:30 3664

Қазақстан атом электр энергиясын салу жобасы туралы мәлімдеме жасағаннан бері бірнеше ел серіктес болуға ұсыныс білдірді. Олардың қатарында шығыстағы көршіміз Қытай да бар. Бүгінде олар ядролық энергетика әлеуеті жоғары елдірдің қатарына кіреді. Егер елімізде АЭС салуға рұқсат етілсе, Қытай қаншалықты тиімді серіктес бола алатынын қазақстандық делегация өкілдері анықтап көрді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Атом электр станциясы – энергия көзін тиімді пайдалануға және оны өндірісте қолдануға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Қытайда 21 АЭС жұмыс істейді. Онда белгіленген қуат 53 181 МВт болатын 55 энергоблок жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, Қытайда 22 724 МВт болатын 22 жаңа энергоблок салынып жатыр.

АЭС – 6 миллион адамды энергиямен қамтамасыз етеді

Қытай Қазақстанға АЭС-ті қанша қаражатқа салып беретінін мәлім етті
©El.kz/Миражан МАХАН

Қазақстандық делегация өкілдері Қытайдың Цзясин қаласы Хайян округіндегі АЭС-ті өз көзімен көріп қайтты. Ол 1991 жылы іске қосылған 9 блоктан тұратын Қытайдағы ең алғашқы – АЭС.  Бүгінгі күнге дейін электр қуатын сәтті өндіреді. Жалпы 6 блоктан тұратын бір АЭС 6 млн адамды энергиямен қамтамасыз ете алады. Дегенмен ол өндірістің қай түрі екеніне де байланысты. Жеңіл өндіріске сәйкесінше аз энергия көзін жұмысайды, ауыр өнеркәсіпке көп энергияны шығындайды. АЭС-тің жұмысы өңірдегі халықтың саны мен кәсіпорынның жұмысына тікелей байланысты.

Қытай мамандарының сөзінше, бір энергоблоктың құрылысы 60 айға созылады, яғни 5 жылдың шамасы. Егер оған қатарлас блоктар салынатын болса, бірінші блоктың құрылысы басталғаннан кейін араға 1-1,5 жыл өткенде ғана қасындағы блоктардың құрылысы басталады.

Қытай ұлттық атом корпорациясы (CNNC – атом энергетикасы саласында жұмыс істейтін ең ірі қытайлық компания)  өкілі Фэй Джисун қазақстандық делегациямен кездесу барысында елімізде АЭС салынған жағдайда оның жұмысына қанша жыл кепілдік берілетінін айтты.

АЭС-тің трубина бөлімі бойынша гарантия уақыты - 27 ай. Ядролық бөлімге - 36 ай, демек реакторларға 3 жыл уақыт беріледі. АЭС-тің эксплуатациясы 60 жылға беріледі. Жобаның құрылысы басталған уақытты қосып есептегенде АЭС-ті 60 жыл қолдануға болады. 60 жыл өткеннен кейін де оның жұмысын 100 жылға дейін созуға мүмкіндік бар,- деді Фэй Джисун.

АЭС-тің құны қанша?

Қытай Қазақстанға АЭС-ті қанша қаражатқа салып беретінін мәлім етті
©El.kz/Миражан МАХАН

Атом электр станциясы аз қаржыға салынбайтыны белгілі. Тіпті қытайлық мамандардың өзі бір АЭС-тің құны 60 жылда қайтуы мүмкін екенін айтып отыр. Дегенмен нақты шығын мен табысты болжау қиын. Қытай ұлттық атом корпорациясының өкілдері 2 энергоблоктан тұратын АЭС-тің құрылысына шамамен 60 млрд юань, яғни 8,47 млрд АҚШ доллары жұмсалатынын атап өтті.

Қытайлық мамандардың сөзінше, Циншаньдағы бір АЭС-тен жылына 20 млрд АҚШ доллар табыс түседі. Айта кетейік, ондағы АЭС 9 энергоблоктан тұрады.

АЭС қаншалықты қауіпсіз?

Қытай Қазақстанға АЭС-ті қанша қаражатқа салып беретінін мәлім етті
©El.kz/Миражан МАХАН

Негізі көп елдің тәжірибесіне көз жүгіртсек, АЭС-ті теңіздің жағалауына салады. Елімізде АЭС-ті Жамбыл ауданы Алматы облысы Үлкен ауылында салу көзделді. Ол – Балқаш көлінің маңында орналасқан. Өңір тұрғындары атом станциясы өздерінің денсаулықтарына және қоршаған ортаға зиянын келтіруі мүмкін деп алаңдайды. Дегенмен қытай мамандары бұл алаңдататын жағдай емес екенін айтып отыр.

Қытайда осыдан 32 жыл бұрын іске қосылған АЭС-і бар Циньшань қаласының тұрғындарымен кездесіп сөйлестік. Тіпті, қала тұрғындарының үйлері АЭС-тен 630-670 метр шақырым жерде орналасқан. Олармен тілдескенімізде, денсаулықтарында ешқандай шағым жоқ екенін айтты. Тіпті, қауіпсіздік мәліметтері мектеп бағдарламасында да оқытылатын көрінеді.

Қытай Қазақстанға АЭС-ті қанша қаражатқа салып беретінін мәлім етті
©El.kz/Миражан МАХАН

Осы қалада туып-өстім, білім алдым. Дегенмен бұл уақытқа дейін денсаулығыма шағымданбаппын. Жасым 39-да. Егер одан (АЭС-тен – ред.) қандай да қауіп келетін болса, мен дәл осындай қалпымда сақталмас едім ғой, - деді Циньшань тұрғыны Цзян Янь.

Сонымен қатар, ол бірнеше жылдан бері қаладағы АЭС-те қарапайым қызметкер болып жұмыс істеп келеді.

Қытай ұлттық атом корпорациясы (CNNC)  өкілі Фэй Джисун жергілікті халық АЭС-тің қауіпсіз екеніне сенетінін айтты.

Тіпті, АЭС құрылысы аяқталғаннан кейін тұрғындар өңірде жан-жануарлардың көбейгенін байқаған. Ол жерлерге жануарлар келіп жатса, тұрғындарға да қауіп жоқ. Сондай-ақ күнделікті барлық пункте АЭС-тің экологияға әсерін тексеріп, бақылау жүргізіп, мониторинг өткіземіз, - деді Фэй Джисун.

Қытай Қазақстанға АЭС-ті қанша қаражатқа салып беретінін мәлім етті
©El.kz/Миражан МАХАН

Қытайдың ядролық энергетика саласының маманы Ли Бин АЭС-ті экономикалық әлеуеті тиімді өңірде салу керек екенін айтады.   

Неліктен Қытайдың энергия блоктары Шығыс Қытай теңізінің жағалауында орналасқан? Өйткені бұл өңір еліміздің экономикалық жағдайына жоғары ықпал етеді. Себебі, шығыс жағажай - экономикалық әлеуеті тиімді аймақ. Мен Қазақстанның АЭС саламыз деген ауданымен жақсы таныс емеспін. Дегенмен сіздердің аудандарыңызға (Үлкен ауылына - ред.) АЭС салуға болады деп есептейміз. Қалай десек те Қазақстанның мемлекет басшысы АЭС-тің құрылысына қатысты мәлімдемелер жасады. Біздің білуімізше, Үлкен ауылы теңіздің жағасында орналаспаған. Айта кетелік, қазіргі таңда әлемде 400-ден астам атом энергия блогы бар. Олардың 50 пайыздан астамы судың, өзен-көлдің, теңіздің жағасында орналаспаған. Сондықтан мұндай аудандар үшін уайымдаудың қажеті жоқ, - деді «CNNP Guodian Zhangzhou Energy Co.» ЖШС басқарма басшысы Ли Бин.

Қытай Қазақстанға АЭС-ті қанша қаражатқа салып беретінін мәлім етті
©El.kz/Миражан МАХАН

Біз Қытайдың Чанджоу қаласындағы 6 блоктан тұратын АЭС-тің құрылысымен таныстық. Мамандардың сөзінше, бір АЭС-тің өзі үшінші ұрпаққа дейін халықты жұмыспен қамти алады. Мәселен, Чанджоудағы АЭС 17 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл тиісінше, өңірдің экономикалық әлеуетін көтеріп қана қоймай, жұмыс күшін де арттырады.

Қытай Қазақстанға АЭС-ті қанша қаражатқа салып беретінін мәлім етті

Қытай Қазақстанға АЭС-ті қанша қаражатқа салып беретінін мәлім етті
©El.kz/Миражан МАХАН

Қытай Қазақстанға АЭС-ті қанша қаражатқа салып беретінін мәлім етті
©El.kz/Миражан МАХАН

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға