Жаңалықтар

Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз режим қашан күшіне енетіні анықталды

Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз режим қашан күшіне енетіні анықталды
Фото: gov.kz 20.10.2023 10:49 864

Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим 10 қарашада бастап қосылады. Бұл туралы ҚР СІМ мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес, виза иелері жеке істерді, туризмді, ем қабылдауды, халықаралық тасымалдарды, транзиттік, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды (келісімшарттар жасасу, келіссөздер жүргізу, консультациялық қызметтер көрсету және басқа да іскерлік мақсаттар) жүзеге асыру мақсатымен екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағына Мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге, күнтізбелік 180 (жүз сексен) күн ішінде жиынтығында күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын бір мәрте немесе көп мәрте келу, кету, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады, - делінген мәліметте.

Ал сапарлаушы азаматтар 30 күндік визасыз режим аясында екінші елге 180 күннің ішінде 90 күннен артық бола алмайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға