Жаңалықтар

Қытай көлік колледждерінің түлектері Қазақстанда жоғары білім алады

Қытай көлік колледждерінің түлектері Қазақстанда жоғары білім алады
Фото: gov.kz 03.06.2023 02:30 466

Оларды Логистика және Көлік Академиясында бакалавриат бағдарламалары бойынша оқыту көзделеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылау нәтижесінде Логистика және Көлік Академиясы мен Нанкин Көлік Технологиялары Кәсіптік Институты арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды.

Нанкин Көлік Технологиялары Кәсіптік Институты - Қытайдың Цзянсу провинциясының Көлік Департаментінің қарамағындағы мемлекеттік институт. Институттың 6 факультетінде 10 000-нан астам студент оқиды.

Аталған Келісім шеңберінде Қытайдың көлік колледждерінің түлектерін Қазақстанның бейінді көліктік жоғары оқу орыны - Логистика және Көлік Академиясында бакалавриат бағдарламалары бойынша оқыту көзделеді.

Тараптар көлік және логистика саласы үшін мамандарды бірлесіп даярлау, профессорлық-оқытушы құраммен және білім алушылармен академиялық алмасу, жазғы және қысқы мектептерді ұйымдастыру-өткізу және көлік, теміржол машиналарын жасаудағы инновациялық технологиялар трансферті туралы уағдаласты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға