Жаңалықтар

Қытай дәрілерін қабылдаған әйел жансақтау бөліміне түсті

Қытай дәрілерін қабылдаған әйел жансақтау бөліміне түсті
Фото: otyrar.kz 21.12.2023 12:15 1747

Шымкентте қытайлық препараттарды қолданған әйел адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Otyrar сайтына сілтеме жасап.

27 қарашада 54 жастағы әйел Шымкенттегі №2 аурухананың жансақтау бөліміне түскен. Дәрілер қабылдағаннан кейін әйелдің басы ауырып, жүрегі айнып, бүкіл денесінде іріңді бөртпелер пайда болған.

Әйел адам қытайлық дәрілер мен жақпаларды қолданған. Төртінші күні аллергия белгілері байқалған. Әйел ауруханаға түскенде жағдайы ауыр болды. Денесінің 90 пайызына зақым келген. Беті мен денесі ісіп кеткен, - дейді науқасты емдеп жүрген дәрігер. 

Дәрігерлер реанимация бөлімінде екі апта бойы қарқынды ем жүргізді, қанды гемофильтрациямен тазартқан. Нәтижесінде әйел адамның жағдайы жақсарып, терісі қалыпқа келген. 

Медициналық көмектің арқасында әйелдің жағдайы тұрақталып, ауруханадан шығарылды. Дәрігерлер белгісіз препараттарды қолдану денсаулыққа үлкен қауіп төндіретінін ескертті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға