Жаңалықтар

Қытай Антарктидада станция салады

Станциялар желісі мұхитты бақылайтын болады
Қытай Антарктидада станция салады
Фото: russiadiscovery.ru 03.02.2023 06:34 1354

Қытай Антарктидада станциялар желісін салады, деп хабарлайды El.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Желілер мұхитқа мониторинг жүргізетін ғарыштық жерсеріктермен қамтылады деп жоспарлануда.

Ал China Aerospace Science and Technology Group Co Чжуншань зерттеу базасында станция тұрғызуға ниеттеніп отыр. Құрылыс жұмыстары үшін 43,95 млн юань, яғни 6,53 млн доллар көлемінде тендер де ойнатылғаны белгілі болды.

Алайда жобаның нақты сипаттамасы жоқ. Тек Антарктиданың шығындағы Прюдс шығанағында орналасқан Чжуншань базасында төрт станция салынатыны айтылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға