Жаңалықтар

Қыстың соңғы күнінде ауа райы қандай болады

Қыстың соңғы күнінде ауа райы қандай болады
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Kandinsky 29.02.2024 06:19 3605

«Қазгидромет» РМК 29 ақпанда елдің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман. 

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. 

Ақмола облысының батысында тұман.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда секундына 25 метрге жетеді.

Абай облысында солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күші – 15-20 м/с, күндіз Жарма ауданында екпіні – 23 м/с.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға