Жаңалықтар

Қыстың соңғы күндері ауа райы қандай болады

Қыстың соңғы күндері ауа райы қандай болады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 26.02.2024 16:00 30426

Қазгидромет 27-29 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атмосфералық фронттар солтүстік, шығыс және орталық аймақтарға әсер етеді. Қар жауып, тіпті кейбір аудандарда жел күшейеді.

Сондай-ақ, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінің таулы аймақтарында атмосфералық фронттар өтіп, жауын-шашын жауып, көктайғақ болып, тұман түседі.

Еліміздің батысында жауын-шашынсыз, желсіз ауа-райы сақталады, күндіз өңірлерде ауа температура 0-5 градус жылы болады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға