Жаңалықтар

Қысқы спорт түрлерінен ІІ «Азия балалары» ойындары басталды

Қысқы спорт түрлерінен ІІ «Азия балалары» ойындары басталды
Фото: @drs_kz 25.02.2023 21:00 2923

Бүгін Ресей Федерациясының Кемерево қаласында қысқы спорт түрлерінен ІІ «Азия балалары» ойындары басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап. 

Әуелі «Кузбасс» мұз сарайындағы Ұлттық құрамалар шеруінде еліміздің Туын шорт-трекші Санжар Бекежан ұстап шықты. Алдағы күндері Қазақстан осы халықаралық жарыста 6 спорт түрінен сынға түсетін 64 атлеттің жолына үмітпен қарайды.

Жалпы салтанатты ашылуды аренадан 5 мыңға жуық жанкүйер тамашалады. Бүгіннен бастап кей спорттағы жүлдегерлер анықталып жатыр. Ал қазақстандықтар жүлде жолындағы таласқа 27 ақпаннан бастап араласады (шорт-трек).

Ойындары 4 наурызда аяқталады. Оған дейін барлығы 57 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қатысушы елдер: Қазақстан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Кувейт, Қырғызстан, Ливан, Непал, Тәжікстан, Таиланд, Түрікменстан, Өзбекстан, Мәскеу, Кузбасс қаласының құрамасы, Қиыр шығыс федералды округы, Сібір федералды округы, Орал федералды округінің құрамасы, Башқұртстан, Саха, Татарстан Республикасы құрамасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға