Жаңалықтар

Қыс кезінде үйге жылу қосу ең қиын мәселе — Екібастұз қаласының әкімі

Қыс кезінде үйге жылу қосу ең қиын мәселе — Екібастұз қаласының әкімі
Фото: primeminister.kz 03.12.2022 20:00 1279

Екібастұз қаласын жылумен қамту бойынша кезекті жедел штабта қаладағы 9 үйге жылу берілгені айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Павлодар облысы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Олег Крук Бауыржан Момышұлы көшесі, 59, 53, 57, 50, 52 және Шешембековтегі үйлер жылумен қамтамасыз етілгенін айтты. 

Қазіргі таңда қаладағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға 36 бригада  мен 52 бірлік техника жұмылдырылғанын айтты. 
Қалпына келтіру жұмыстарының барысы үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында, - деді Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин. 

Бұған дейін 28 көпқабатты үй әлі күнге дейін жылу жүйесіне қосылмағаны хабарланған болатын. Қазір 19 үй әлі жылусыз отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға