Жаңалықтар

Қырымдағы лагерьге қазақстандық оқушылар ата-аналарының келісімімен барды - Оқу-ағарту министрлігі

Қырымдағы лагерьге қазақстандық оқушылар ата-аналарының келісімімен барды - Оқу-ағарту министрлігі
Фото: yandex.kz 06.05.2023 18:15 714

Прозаның жас оқырмандарының "Жанды классика" халықаралық байқауында қазақстандық 10 оқушы Қырымдағы "Артек" лагеріне жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Аталған байқауға қатысқан балалардың ата-аналары мектеп басшыларының еш келісімінсіз, youngreaders.ru сайтқа өтінім бере отырып, қатысуға өз бетінше ниет білдіргендігін мәлімдеді. Аталған балалардың ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың жауапкершілігі туралы қолхат алынғаны айтылды. 

Ата-аналардың өтініші негізінде балалар Қырымдағы лагерьге аман-есен жеткен және қазіргі уақытта үлкендер тарапынан қамқорлықта екені белгілі болды.  Соңғы кездерде әлеуметтік желілерде ақпарат жариялау арқылы көптеген байқаулар мен жарыстарды ұйымдастыру тәжірибесі қалыптасты. Осы іс-шараларға қатысу кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдерінің келісімімен ақылы немесе тегін негізде жүзеге асырылып келеді. 

Шет елдерге шығу сапарларында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін және құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдарға оқу процесі кезінде балалардың топтық сапарларын ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің келісімі бойынша білім басқармаларының бұйрықтары негізінде іске асыру ұсынылғаны қосымша хабарланып отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға