Жаңалықтар

Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді

Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді
Фото: © Depositphotos.com 03.05.2023 09:25 561

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстанда жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы some.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жерасты дүмпулері 3 мамыр күні Алматы уақытымен 07:32-де тіркелді.

Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 495 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық күші – 9,9.

MPV магнитудасы – 4,5.

Тереңдігі – 10 шақырым.

Сезілуі туралы ақпарат жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға