Жаңалықтар

Қырғызстанда Серік Күдебаевтың шекараны заңсыз кесіп өтуіне көмектесті деген төрт адам ұсталды

Қырғызстанда Серік Күдебаевтың шекараны заңсыз кесіп өтуіне көмектесті деген төрт адам ұсталды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 22.05.2023 16:42 540

Қырғызстанның Әскери прокуратурасы қазақстандық генерал Серік Күдебаевты шекарадан заңсыз өткізу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы 24.kg сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлады.

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өткені анықталды. Расталмаған мәліметке сәйкес, Шекара қызметінің әскери қызметшісі оның Қырғызстан аумағына келуін заңдастырған.

Бұдан әрі Серік Күдебаев Түркияға «Манас» әуежайы арқылы ұшып кетті. Әскери прокуратура заңсыз көші-қон фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, бұл іс бойынша төрт адам тергеліп жатыр. Олар Бішкектің тергеу изоляторына қамалды. Алдын ала ақпарат бойынша, қатысушылардың бірі – әскери қызметші, қалғанының әскерге қатысы жоқ, – деп хабарлады редакция.

Естеріңізге сала кетейік, Серік Күдебаев лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталуда. Тергеу мәліметтері бойынша, өткен жылдың қаңтар айындағы оқиғалар кезінде полиция бастығы жеке құрамды таратып, Полиция департаментінің ғимаратын тастап кетіп, шабуылдаушыларға қару-жарақ пен оқ-дәрілерді иемденуге мүмкіндік берген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға