Жаңалықтар

Қырғызстанда сәбиін телефонға саудалаған әйел ұсталды

Қырғызстанда сәбиін телефонға саудалаған әйел ұсталды
Фото: XS.UZ 03.06.2023 10:18 515
Қырғызстанда босанған әйел жаңа туған нәрестесін ұялы телефонға айырбастап жібермек болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Ол нәрестені iPhone 12 ұялы телефонына алмастырып, өзі Ресей Федерациясына бой аттанбақ болған. 24kg порталының жазуынша, Иссык-Ата ауданының полициясы бала сату дерегін дер кезінде анықтаған.
 
Шу облысының ІІБ мәліметі бойынша 25 жастағы әйел жүктіліктің сегізінші айында Б есімді тұрғынмен баласын сатуға уәделескен.
"Әлі тумаған нәрестені 100 мың сомға, iPhone 12-ге және Ресей ұшатын әуе билетіне алмастырмақ болған. Нәрестені сатып алушы бала дүниеге келгенге дейін жүкті әйелді бағып-қағуға міндеттелген. Ал баланы сатып алмақ болған Б. Иссык-ата ауданының жалпы тәжірибелік дәрігерлік орталық қызметкерімен сөз байласып, жүктілік туралы жалған карта жасатқан", - деді Шу облысының ІІБ баспасөз қызметіндегілер. 
Қырғызстандық әйел 20 мамырда сәбиін аман-есен босанған. Полиция қызметкерлері баланы сату қылмысының жолын кесіп, сатып алушы мен баланың анасы полиция бөліміне жеткізді. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға