Жаңалықтар

Қырғызстанда орысша сөйлетін жас актерлер болмай, қазақтарды шақырдық – «Черный двор» сериалының режиссері

Қырғызстанда орысша сөйлетін жас актерлер болмай, қазақтарды шақырдық  – «Черный двор» сериалының режиссері
Фото: Видеодан алынған кадр 25.08.2023 10:19 1387

«Черный двор» сериалының режиссері Диас Бертіс танымал телехикаяның неліктен қырғыз бен қазақтың ортақ жобасына айналғанын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Режиссердің сөзіне қарағанда, жас жігіттердің рөлін сомдауға қазақ актерлері таңдалған. Себебі Қырғызстанда орыс тілді жас актерлер жоқ болған Бұл туралы ол «TALKLIKE» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты. 

Бұл Қырғызстанда болған оқиға. Оны Salem Social Mediа-ға идея ретінде ұсынып, олар қаржылық қолдау көрсетті. Мені режиссер ретінде шақырды. Сол кезде маған жігіттердің өздері Қырғызстанда 19-20 жастағы орыс тілді қырғыз актерлері жоқ деп айтты. Сол себепті кастингті Қазақстанда өткізіп, бес жігітті таптық. Қалғаны толығымен қырғыз командасы болды. Сол үшін де бұл ортақ жоба болды, - деді ол.

Сонымен қатар режиссер бұл сериалды қырғыз жұрты қалай қабылдағанын айтты.

Біздің алғашқы тұсаукесер рәсімі Бішкекте өтті. Кинотеатрда көрсеттік. Өте жоғары деңгейде қабылдады. Кинематографистер болды. Үлкен экранның әсері бөлек екен, мен монтаж кезінде бұл сериалды бірнеше рет көрсем де, премьерада екі рет жыладым. Сыншылардың жоғары бағасын алды. Халық тьа жоғары бағасын берді, - деді Диас Бертіс.

«Черный двор» - 16 жас жігіт туралы сериал. Қылмыстық әлемнің серкесіне айналуды көздеген бозбалалар шынайы өмірдің не екенін түсінеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға