Жаңалықтар

Қырғызстанда Еуразия ұлттық университетінің филиалы ашылды

Филиал Ош мемлекеттік университетінің негізінде ашылған
Қырғызстанда Еуразия ұлттық университетінің филиалы ашылды
Фото: enu.kz 07.12.2022 07:30 898

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ош мемлекеттік университетінің негізінде филиалын ашты, деп хабарлайды El.kz  Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Онда ЕҰУ мамандардың сапалы даярлығын қамтамасыз етіп, халықаралық ғылыми және білім беру саласындағы ынтымақтастықты белсенді дамытады. Ұлттық университет 2024 жылдың соңына дейін шетелде тағы бір филиал ашуды жоспарлап отыр.

Ресми ашылу рәсіміне ЕҰУ-нің ғылым, коммерцияландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Жанна Құрманғалиева, Ош мемлекеттік университетінің ректоры Құдайберді Қожобеков, Қазақстан Республикасының Ош қаласындағы консулы Мұхтар Кәрібай, оқытушылар мен студенттер қатысқаны белгілі болды.

ЕҰУ филиалының ашылуы біздің елдер арасындағы достық пен тату көршіліктің, білім және ғылыммен қатар барлық салада ынтымақтастықты арттыруға өзара ұмтылыстың арқасында мүмкін болып отыр. Кадрларды доғары сапада даярлау, нәтижелі ғылым, бәсекеге қабілетті патриот жастар бауырлас халықтарымыздың, жалпы өңірдің болашағы үшін университеттердің елеулі үлесі айнала алады. Филиал Қазақстан мен Қырғызстанның ең дарынды студенттері мен ғалымдарын тартады деп үміттенемін. Бұл бағытта ЕҰУ халықаралық білім беру нарығында өзінің бәсекеге қабілеттілігін тұрақты түрде арттырып келеді. Біздің университет QS World University Ranking рейтингінде әлемнің үздік 300 жоғары оқу орындарының қатарына кіріп, 277 орынды иеленді. Жақында ЕҰУ зерттеу университеті мәртебесі берілді. Бұл өз кезегінде ғылыми-академиялық коллаборация мүмкіндіктерін кеңейтеді, - деп атап өтті ЕҰУ проректоры Жанна Құрманғалиева.

Бүгінде ЕҰУ филиалында 30-ға жуық студент білім алуда. Олар ағашқы екі курсты Ош қаласында, кейінгі екі жылда Қазақстанда таңдаған кәсіптерін меңгереді. Оқу бағдарламасы аясында қырғыз жастары қазақ тілін меңгеруде. Келесі жылы «Қазақстан тарихы» пәнін енгізу жоспарда бар. Филиалда жоғары кәсіби білім берудің екі бағыты бойынша: «аударма ісі» және «орыс тілі мен әдебиеті» мамандарын даярлау жүргізіледі. Алдағы уақытта жаратылыстану ғылымы, физика және IT бағытында білім беру бағдарламаларының санын көбейту жоспарланып отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға