Жаңалықтар

Қырғызстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді

Қырғызстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
Фото: Қырғыстан жоғарғы кеңесі 04.04.2024 15:25 521

Жақын арада Қырғызстан су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан өңірлеріне гуманитарлық көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров Жогорку Кенеш отырысында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24.kg-ке сілтеме жасап.

Министрлер кабинетінің басшысы Қырғызстан президентінің тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі Қырғызстанда жасалған азық-түлік түріндегі гуманитарлық жүкті жинап жатқанын, жақын арада Қазақстанға жөнелтілетінін айтты.

Қазақстан Бішкектегі жылу электр орталығында болған апаттан кейін Қырғызстанға біз сұрамасақ та көмек қолын созды. Осы сәтті пайдалана отырып, Өзбекстанға, Түркіменстанға және Қазақстанға бізге көрсеткен көмегі үшін алғысымды білдіргім келеді. Қырғыз Республикасы Президентінің көршілес елдермен жүргізген саясатының нәтижесінде олар бізге көмек сұрағанға дейін де көмек көрсетті.Сондай-ақ бізден де көмек сұрамаса да, бауырлас халыққа гуманитарлық көмек жібереміз. 8 сәуірде Қазақстан премьер-министрі Қырғызстанға барады. Кездесуде тағы қандай көмек көрсету керектігін талқылаймыз», — деді Ақылбек Жапаров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға