Жаңалықтар

Қырғызстан президентінің болашақ күйеу баласы түрмеге қамалды

Қырғызстан президентінің болашақ күйеу баласы түрмеге қамалды
Фото: Видеодан алынған кадр 10.07.2024 10:20 1121

Қырғызстанда президент Садыр Жапаровтың немере қарындасының сүйіктісі қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты мемлекет басшысының әкімшілігі растады.

Лаззат Нуркожоеваның жігіті оған тікұшақта үйлену туралы ұсыныс білдірген соң танылды. Жас жігіттің негізгі мақсаты – өз қызметін жасыру үшін билікте тіреу іздеді деуге толық негіз бар, - деді Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысы Аскат Алагозов өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Ол Садыр Жапаровтың ешқандай туыс-жақынының заңсыз әрекетін жасырмайтынын алға тартты.

Қырғызстанның БАҚ өкілдері жігіттің есімі Афтандил Сабырбеков деп отыр. Ол есірткі саудасымен айналысқан деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға