Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

Сейсмикалық стансалар желісі 31 мамырда Алматы уақытымен 13 сағат 12 минут 46 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

ҚазАқпарат «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сайтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 316 шақырым қашықтықта, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10. 9. Магнитудасы - 4.9. Эпицентр координаттары – 40.37° с.е. 77.14° ш.б. Тереңдігі - 10 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ, - делінген Алматы қаласы ОСО кезекші оператордың хабарламасында.

Оқи отырыңыз