Жаңалықтар

Қырғыздар Бакиевтің қайта елге оралуына қарсы наразылық білдірді

Қырғыздар Бакиевтің қайта елге оралуына қарсы наразылық білдірді
Фото: Ашық дереккөзден 25.11.2023 17:18 1821

Қырғызстан Астанасы Бішкек қаласындағы Максим Горький атындағы саябақта елдің экс-президентіне қарсы наразылық шарасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24.kg ресурсына сілтеме жасап.

Осыдан 13 жыл бұрын сәуір төңкерісінен кейін құрылған қоғамдық бірлестік мүшелері Белорусь елінде бой тасалап жүрген экс-президент Құрманбек Бакиев өзін ақтап, Қырғызстанға оралу үшін түрлі әрекеттер жасап жатқанын атады. 

Бұған дейін президент Садыр Жапаровқа «Айкөл Таза Коом» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Үсіпби Шерімбаев үндеу жолдаған болатын. Онда 2010 жылғы сәуір оқиғасының құрбандары, жесірлер мен жетімдердің атынан Құрманбек Бакиевтен ақшалай өтемақы талап етілгені айтылды. 

«Үсіпби Шерімбаевтың бұл іске қандай қақысы бар? Ол түгілі қиын жағдайға тап болған жесір әйелдер, жетімдер, жалғыз ұлынан айырылған аналар өтемақы алған жоқ. Бакиев елдің қанын төкті, мемлекетті армансыз тонады, елде қымбатшылық болып жатса да біз оның арам ақшасын алмаймыз», – деді митингке келгендер. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға