Жаңалықтар

Қырғыз балуаны Айсұлу Тыныбекова атақты Каори Ичоның рекордын жаңартты

Қырғыз балуаны Айсұлу Тыныбекова атақты Каори Ичоның рекордын жаңартты
Фото: instagram.com/tynybekova.aisuluu 15.04.2024 02:32 551

Әйелдер күресінен Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Айсұлу Тыныбекова 6 дүркін Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы UWW news телеграм-арнасы жазды. Белгілі спортшы өзінің мансабында Азияның алтыншы алтынын өз елінде өтіп жатқан құрлықтық додада иеленді. Финалда жапон қызы Сакура Мотокиді қапы қалдырды. Жапонның жас жұлдызы Мотокиді тәжірибелі Айсұлу осымен 3 мәрте жеңіп отыр.

Алдымен былтыр Сербиядағы әлем чемпионатының финалында жеңген. Екінші рет Хорватияның Загреб қаласында өткен рейтингтік турнирдің жартылай финалында бірде бір ұпай бермей жеңген еді. Бүгін соңына дейін күресіп, өзінің мықты екенін дәлелдеді.

Айсұлу Мотоки үшін алынбайтын қамал болды. Парижде қос балуан финалда күресіп қалуы мүмкін. Өйткені қазіргі уақытта екеуіне лайықты қарсылас табылмай тұр. Бірақ, Парижде басқаша болып қалатын сияқты. Ирина Коледянко, Грейс Булен, Кайла Миракл деген мықты балуандар.

Оларға моңғол және қытай қыздарын қосуға болады. Мотоки мен Айсұлу финалда күресеміз десе жеребе екеуін бір топқа түсірмесе осы аталған қыздарды жеңулері керек. Екеуіне де қиын болмақ.  

Айсұлу бүгін атақты Каори Ичоның рекордтын бұзды. Жапон аңызы 5 дүркін Азия чемпионы атанған болатын. Былтыр Айсұлу Астана төрінде Ичоның рекордтын қайталаған. Бүгін рекордтын бұзып, 6 дүркін Азия чемпионы атанды. 6 дүркін Азия чемпионы атанған тарихта жалғыз балуан. Тіпті 13 дүркін әлем чемпионы Саори Ёшиданың өзі Азияны 6 рет жеңбеген. Оның еншісінде Азияның 4 алтыны ғана бар.

Айсұлудың еншісінде Азияның 6 алтынынан бөлек 3 күміс, 2 қола медалі бар. Азияда Айсұлудың бұл жетістігін жақын арада ешбір спортшы жаңарта алмауы мүмкін. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға