Жаңалықтар

Қылмыстық топ жетекшісіне тиесілі 720 пәтер мен 356 көлік мемлекет меншігіне өтті

Қылмыстық топ жетекшісіне тиесілі 720 пәтер мен 356 көлік мемлекет меншігіне өтті
Фото: svodka.akipress.org 22.11.2023 14:30 2093

Камчы Кольбаевтың 720 пәтері Қырғызстанның пайдасына берілді. Бұл туралы Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемагенттік директорының бірінші орынбасары Медер Мәшиев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ 38 жылжымайтын мүлік мемлекет меншігіне өткен. Олар ғимараттар мен жер телімдері, 15 үлес пен кәсіпкерлік субъектілерінің жарғылық капиталындағы үлестері, сондай-ақ 356 көлік құралдары.

Бұл тәркіленген көліктер өз еркімен берілген және жобалар аяқталғаннан кейін халықаралық ұйымдардан алынған, – деді Медер Машиев.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев Камчы Кольбаевтың 820-дан астам пәтері бар екенін, олар мемлекеттік ипотека арқылы қырғызстандықтарға берілетінін айтқан.Ол құрықтау кезінде қаза тапты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға