Жаңалықтар

Қыдырәлі Болмановтың қысымынан кейін жарыққа шыға алмай қалған әнші 40 жасын тойлады

Қыдырәлі Болмановтың қысымынан кейін жарыққа шыға алмай қалған әнші 40 жасын тойлады
Фото: instagram.com/nurzhan_halzhan 23.11.2023 10:12 78413

Сахнада көптен бері көрінбей кеткен әнші Нұржан Қалжан 40 жасқа толды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі мерейтойында туған-туыстары мен өнердегі әріптестерінің басын қосты. Ал бұл кештен суреттер мен видеоны әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Қош келдің, 40 жас. Той басталды. Тойды өзім әнмен бастадым. Достарыма көп рахмет, - деп жазды әнші.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Айбек Қайбулла (@aibek.kaibulla)

Нұржан Қалжанның қуанышын бөлісуге Мейрамбек Бесбаев жұбайымен, Майра Ілиясқызы, Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер, Құдайберген Бекіш, Бүркіт пен Аиша, Ұланғасыр Қамиев, Асқар Жүнісбеков, Роза Әлқожа секілді жұлдыздар келген.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Нұржан Қалжан 🎶 (@nurzhan_halzhan)

Бұған дейін Нұржанның өзі сахнадан көрінбей кетуінің себебін атаған

Мұның алдында "Бұлбұл құсым" әнімен танылған Нұржан Қалжан өзінің бұрынғы продюсері Қыдырәлі Болмановқа қатысты мәлімдеме жасап, екеуара келіспеушілікке ақша себеп болғанын айтқан. Тіпті әндерінің радиода қойылуына да тыйым салғанын тілге тиек еткен. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға