Жаңалықтар

"Құтырып кетті демесін". Ерке Есмахан көз тиюге қатысты құпиясын айтты

"Құтырып кетті демесін". Ерке Есмахан көз тиюге қатысты құпиясын айтты
Фото: instagram.com/erke_esmahan 29.11.2023 10:36 7163

Әнші Ерке Есмахан екінші ұлын босанғаннан кейін үйіне келгенін мәлім етті. Әнші перзентханадан шыққан сәтін желі жарияламауды жөн көрген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жақында ғана көпшіліктің сүйікті жұлдызды жұбы Раим мен Ерке Есмахан ұлды болды. Олар әзірге ұлдарының атын құпия сақтап отыр.

Сәлем достар. Біз үйге келіп алғанбыз және суреттегідей жағдай басталып кетті. Туа салып, мына Ерке құтырып кетті ғой демесін деп, көз тимесін деп үлкендерді тыңдап кішкене инста әлемнен алшақтадым. Ертең барлығын айтып көрсетемін. Іздеп жатқан жандарға рахмет. Бізде бәрі керемет, Аллаға шүкір, - деп жазды әртіс.

Бұған дейін Ерке Есмахан ұлының байбақты елінің ұрпағы, атасы мен әжесінің тұңғыш немересі екенін жазған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға