
Құтқарушылар Қызылжар ауданындағы ауылды тасқын судан қорғап қалды
01.05.2025 22:39
737
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Долматово ауылы тасқын судан құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су тасқынына қарсы іс-шараларға құтқарушылар, ІІМ және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатарынан 172 адам және 22 бірлік инженерлік техника тартылды. Жұмыс басталғаннан бері инертті материал салынған 29 000 қапшық төселіп, ұзындығы 3900 метр болатын бөгет салынды.
Жұмыстар ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтың үйлестіруімен жүргізілуде,-деп атап өтті ведомстводан.
12 Маусым, 18:09
«Жоғалған бала. Жаураған ана. Үйі суға кеткен халық»: жастарды ерікті болуға не итермелейді
5 Маусым, 15:18
Рәміздер күні қалай аталып өтті?