Жаңалықтар

Құтқарушылар қар құрсауынан үш адамды құтқарды

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті
Құтқарушылар қар құрсауынан үш адамды құтқарды
Фото: @POLICE_of_KZ 05.02.2023 19:10 1082

Полицейлер ақмолалықтарды қар құрсауынан шығарып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

4 ақпан сағат 15:40 шамасында Өркендеу ауылында жол бойындағы шаруа қожалықтарды, серіктестіктер мен шалғай учаскелерді тексеру барысында Қорғалжын ауылының үш тұрғыны табылды.

Балық аулауға бара жатқан тұрғындардың жолда Audi көлігі қалың қарға батып қалған. Полицейлер күректерімен көлікті қар құрсауынан шығарып, оны қызметтік көлікке тіркеді.

Тұрғындар полицейлерге алғыс білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға