Жаңалықтар

Құтқарушылар көлікте қысылып қалған үш адамды шығарып алды

Құтқарушылар көлікте қысылып қалған үш адамды шығарып алды
Фото: ТЖД 21.01.2024 23:22 466

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жеңіл автокөлікте қысылып қалған үш адамды шығарып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

21 қаңтар таңертең Алматы облысында Ұлан және Жамбыл кенттері арасында екі көлік апатқа ұшырады. Бір көлікте үш адам қысылып қалды. Бес адамнан тұратын РЖҚЖ құтқарушылары жедел түрде көмекке шықты.

Құтқарушылар гидравликалық авариялық-құтқару жабдығының көмегімен үш зардап шегушіні көлік құрсауынан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға