Жаңалықтар

Құтқарушылар Іле Алатауында жағдайы нашарлаған туристке көмекке барды

Құтқарушылар Іле Алатауында жағдайы нашарлаған туристке көмекке барды
Фото: ТЖМ 10.05.2024 09:03 212

9 мамырда 4 адамнан тұратын туристер тобы Шымбұлақ шыңына (3450 метр) көтерілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жоғарғы жаққа шыққан соң қыздың жағдайы нашарлап, өздігінен түсе алмаған. Көмек көрсету үшін оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, оның ішінде кинологиялық есеп жіберілді.

Түнде РЖҚЖ құтқарушылары туристерге жетіп, екі қызға алғашқы көмек көрсетіп, оларды тасымалдауға кірісті. Туристерді РЖҚЖ көлігі тұрған жерге жеткізіп, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға