Жаңалықтар

Құтқарушылар Іле Алатауы тауларында адасқан екі туристті тапты

Құтқарушылар Іле Алатауы тауларында адасқан екі туристті тапты
Фото: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі 28.03.2023 09:31 685

Алматы қаласы ТЖД кезекші-диспетчерлік бөліміне 26 наурызда «Аюсай» шатқалы мен сарқырамасының аумағында тауда адамдар жоғалып кетті деген хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ТЖМ-не сілтеме жасап.

"Туристер қайтар жолынан адасып, қараңғыда төменге түсе алмаған. Өтініш берушілер зардап шеккендердің өздері болды. Адасқандардың орналасқан жері туралы мәлімет Алматы қаласы әкімдігі құтқару қызметінің жедел кезекшісіне жіберілді. 4 құтқарушы бір техникамен іздеу-құтқару жұмыстары орнына  жолға шықты. Іздеу орнына келген кезде адамдардың іздері болған жоқ, аталған жерде аз көлемді көшкін болды", дейді құтқарушылар.

Арада бір сағат өткеннен кейін жоғалған ер адам ТЖД кезекші бөліміне қайта қоңырау шалып: олар жолды тауып, көтеріле бастағандарын хабарлаған, сөйтіп байланыс қайтадан үзіледі.

Түнде сағат 4:20-да «Аюсай» шатқалына қосымша құтқару қызметінің және КСП "Тұйық-Су" 7 құтқарушысы мен 2 бірлік техникасы жіберілді. Туристер қайтып байланысқа шықпады, ұялы байланыс ұстамады. 

Құтқарушылар Іле Алатауы тауларында адасқан екі туристті тапты

Таңғы сағат 6.00–де ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының 7 адамнан құрылған жедел тобын, оның ішінде бір кинологиялық есепті іздеуге жіберу туралы шешім қабылданды.

Іздеу жұмыстары таң бойы жалғасты. Сағат 09:57-де құтқару қызметінің іздестіру тобы туристерді таудың жотасындағы бірінші сарқырамадан жоғары орналасқан «Аюсай» шатқалынан тапты. Зардап шеккендермен визуалды байланыс орнатылды. Содан кейін құтқару операциясы жалғастырылды. Жұмысты тік беткейлер мен  қардың көптігі қиындатты.

Сағат 15:45-те құтқару қызметінің құтқарушылары мен Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы зардап шеккендерді Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлер бригадасына жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға