
Құтқарушылар дрон көмегімен төтенше жағдайдың алдын алуға кірісті
Шомылу маусымының басталуына байланысты халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ақпараттандыру деңгейін арттыру мақсатында Ақтөбе облысы ТЖД ҚР ТЖМ-нің 20982 әскери бөлімімен бірлесіп, су айдындарының маңында тұратын тұрғындарды хабардар ету науқаны жалғасуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өзендер, көлдер және басқа да су айдындарына жақын орналасқан елді мекендерде ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы аэровизуалды ескерту жүзеге асырылады. Дыбыс зорайтқышпен жабдықталған дрон белгіленген уақытта әуеге көтеріліп, судағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы дыбыстық хабарламаларды таратады.
Науқан барысында балалары бар отбасыларға, қарт азаматтарға, сондай-ақ су айдындарының қауіпті учаскелеріне жақын орналасқан тұрғындарға ерекше назар аударылады.