Жаңалықтар

«Құшақтасайық»: Еріктілер ұйымдастырған акция астаналықтарды қуантты

«Құшақтасайық»: Еріктілер ұйымдастырған акция астаналықтарды қуантты
Фото: Астана қаласы әкімдігі 18.10.2023 17:36 989

Республика күні қарсаңында елорда көшелерінде «Астана Жастары» еріктілері ерекше акция ұйымдастырып, Отанға деген сүйіспеншілігін құшақпен білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еріктілер қала көшелеріне «Әр құшақта - Отанға деген махаббат» деген жазуы бар тақтайшамен шықты. Астана тұрғындары ерекше акцияны жылы қабылдап, құшақтасып, қуанышын білдірді.

Осылайша, еріктілер Отанға деген сүйіспеншілігін, жылулық пен патриотизмді білдірді.

Айта кетейік, іс-шара қарсаңында белсенділер «Мейірімді қала» акциясы аясында челлендж өткізіп, шоколад таратқан болатын.

Осындай іс-шаралар арқылы еріктілер тұрғындарды игі істер жасауға шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға