Құрылтай өз жұмысын бастайды: Президент депутаттар сайлауын 23 тамызға тағайындады

 Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасы мен 95-бабының 1-тармағына сәйкес Құрылтай депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызға белгіленді. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына сайлауға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру және оны өткізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Сондай-ақ Үкіметке, Астана қаласының, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне Құрылтай депутаттарының сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шараларды кідіріссіз қабылдау міндеті жүктелді.

Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Құжатқа бүгін, 2026 жылғы 1 шілдеде Ақордада қол қойылды.

Оқи отырыңыз