Құрылтай Ерлан Қарин мен Олжас Бектеновтің кандидатураларын қолдады

Құрылтай Ерлан Қарин мен Олжас Бектеновтің кандидатураларын қолдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен жалпы отырыста Құрылтай депутаттары вице-президент пен премьер-министр лауазымдарына ұсынылған кандидатураларды қолдады.

Президент Қазақстанның вице-президенті лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды. Дауыс беру барысында 141 депутат оны қолдаса, төрт депутат қалыс қалған. 

Осыдан кейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының вице-президенті болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды. Құрылтай депутаттарының 138-і Олжас Бектеновтің кандидатурасын қолдады, жетеуі қалыс қалды.

Осыдан кейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындалды. Ол Қазақстан Үкіметін 2024 жылдың ақпанынан бері басқарып келеді. 

Бұған дейін Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланған еді.

Оқи отырыңыздар:

Оқи отырыңыз