Жаңалықтар

Құрбан айт: министр 17 маусым күні қазақстандықтар неге демалмайтынын түсіндірді

Құрбан айт: министр 17 маусым күні қазақстандықтар неге демалмайтынын түсіндірді
Фото: GOV.KZ 13.06.2024 16:03 1417

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Satzhangam-ға берген сұхбатында 17 маусым күні Құрбан айтқа неліктен демалыс берілмегенін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біріншіден, біз мерекелерді реттеп отырамыз, Үкімет қаулысында Құрбан айттың бірінші күні мереке, демалыс деп көрсетілген. Бірінші күнді ҚМДБ анықтайды. Былтыр жыл соңында сұрау жіберіп, ҚМБД-дан бастапқыда Құрбан айттың бірінші күні 17 маусымға тура келетіні туралы жауап алдық. Дегенмен олар бәрі мұсылман күнтізбесіне байланысты болатынын ескертті, - деді Светлана Жақыпова. 

Сонан ЕХӘҚМ демалыс күнін өзгертпеу туралы шешім қабылдаған.

Біз ҚМДБ-дан Құрбан айттың бірінші күні 16 маусымға тура келітіні туралы ақпарат алғандықтан, осылай болды, - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға