Жаңалықтар

«Құрамада беделді ойыншылар жоқ». Роналдинью Бразилия футболшыларын сынады

«Құрамада беделді ойыншылар жоқ». Роналдинью Бразилия футболшыларын сынады
Фото: instagram.com/ronaldinho 16.06.2024 13:38 653

Бразилия құрамасы мен «Барселона» клубының бұрынғы шабуылшысы Роналдиньо Бразилияның қазіргі құрамын сынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жігіттер, жетер, шыдамым таусылды. Бұл бразилиялық футболды жақсы көретіндер үшін қайғылы жайт. Матчтарды көру уақыт өткен сайын қиындап барады. Меніңше, бұл соңғы жылдардағы ең нашар команда. Онда беделді, көшбасшы ойыншылар жоқ, басым бөлігі орта деңгейлі футболшылар.

Мен футболды бұл салаға бет бұрмай тұрып, кіп-кішкентай кезімнен қарайтынмын. Бұрын-соңды мұндай нашар ахуалды көрген емеспін. Ұлттық құрама жейдесіне деген махаббаттың жоқтығына, биік рухтың жоқтығына, ең бастысы, әдемі футболдың жоқтығына куә болдық.

Өте өкінішті. Сондықтан Америка кубогының матчтарын көрмейтінімді және жеңісті тойламайтынымды мәлімдеймін, – деп жазды аңыз ойыншы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға