Жаңалықтар

Құқық қорғаушылар, блогерлер мен журналистер ҚАЖК басшысымен кездесті

Құқық қорғаушылар, блогерлер мен журналистер ҚАЖК басшысымен кездесті
Фото: © Polisia.kz 10.09.2023 17:43 951

Кездесуде еліміздің пенитенциарлық мекемелерінде заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Ведомство басшысы қонақтарға сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсарту, колонияларда жұмыс істейтін жаңа өндірістер туралы айтып берді. 
Сондай-ақ келушілер ҚАЖК басшысымен Ақмола облысы Атбасар қаласындағы түзеу мекемесі қызметкерлерінің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілері және ШҚО-да, сондай-ақ республиканың басқа да пенитенциарлық мекемелерінде сотталғандарды ұстау туралы жарияланған бейнежазбаларды талқылады. 

Менің ойымша, бұл – өз өкілеттіктерін асыра пайдалану. Бейнежазбада көргеніміз: сотталғандар белсенді қарсылық көрсеткен жоқ. Сөгіс болды, заңды талаптарды орындамау болды. Мұндай жағдайларда арнайы құралдар, күш қолданылмайды. Біздің ойымызша, олардың заңды талаптарға бағынбауы видеорегистраторға жазу, хаттама ресімдеу және тәртіптік изоляторға қамау туралы қаулы шығару қажет болды, – деп Атбасардағы оқиғаға қатысты Ешмағамбетов ойын айтт. 

Кейін спикер ШҚО-да анықталған бұзушылықтар туралы айтты. 

Мекемелерде қолдануға қатаң тыйым салынған заттар бар. Олардың бірі – ұялы телефон. Біз кім суретке түсіргенін анықтадық. Бұл – сотталғандардың бірі. Телефон табылды және тәркіленді, оның иесі тәртіптік изоляторға орналастырылды. Ол жазаны орындау режимін қасақана бұзушы деп танылды. Қазір біз телефонның мекеме аумағында қалай пайда болғанын анықтап жатырмыз, – деді ол. 

Кездесуден кейін ҚАЖК төрағасы келушілерге нақты уақыт режимінде колонияларда болып жатқан барлық оқиғалар таратылатын ахуалдық орталықты көрсетті.  

Естеріңізге сала кетейік, 52 мекемеде 22 мыңнан астам бейнекамера орнатылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға