Жаңалықтар

«Құпия сақталуы тиіс дүниелер бар». Ерке Есмахан оқырмандарынa жауап берді

«Құпия сақталуы тиіс дүниелер бар». Ерке Есмахан оқырмандарынa жауап берді
Фото: instagram.com/erke_esmahan 05.12.2023 12:40 1292

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырмандардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Әнші босанғанын құпия ұстағанының себебін мәлімдеді.

Босану бөлмесіне 5 мобилограф жалдап, бәрін түсіріп, рилс салып, одан кейін босанғандағы сезім туралы жазба жариялап отыруға болар еді. Бірақ қуанышқа толы сәт болғанымен, этикаға жата бермейтін, құпия сақталуы тиіс дүниелер бар мен үшін. Сондықтан жүрекжарды сыр ашуды менен күтпеңіздер. Ең дұрысы босануды менен сұрағанша, сол сезімді сезіну бұйырсын! Жұғысты болсын. «Жыртылды» ма деген сұрақ та қоймаңыздар. Онсыз да белден төмен әңгіме қаптап жүр ! – деп жазды әнші босану туралы сұраған оқырманына. 

Сонымен қатар, ол сәбиінің бөлмесіне рум-тур жасамайтынын да айтты. 

Ислам жігіт болып өскенде Мүсілімнің қасына жатады. Әзірге өз бөлмемізде болады. 62 тамырымды идіріп, өзім еміземін. Қосымша сүт ішпейді, – деп жазды әнші.

Еске салайық, отандық әнші жақында екінші рет ана атанған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға