Жаңалықтар

Құлсарылық балалар Жантөрин театрында ертегілік қойылым тамашалады

Құлсарылық балалар Жантөрин театрында ертегілік қойылым тамашалады
Фото: Ақтау қаласының әкімдігі 13.04.2024 19:48 325

Ақтауда Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрында құлсарылық балаларға «Ірімшік құмар тышқандар» атты ертегілік қойылымы көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шара Маңғыстау туризм колледжінің ұйымдастыруымен өткізілді. Қойылымды тамашалауға қаладағы эвакуациялық пункттерден 300-ге жуық бала мен ата-ана келді. 

Басты мақсат – балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. «Ірімшік құмар тышқандар» ертегілік қойылымы көрерменді адалдыққа, ауызбіршілікке және достыққа шақырады. Мұндай шараларды алдағы уақытта да ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, - деді Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрының өкілі Арай Абдрахим.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға