Жаңалықтар

Құлсарыда үйі суға кеткен ақсақал Қоғамдық штабта волонтер болып жүр

Құлсарыда үйі суға кеткен ақсақал Қоғамдық штабта волонтер болып жүр
Фото: Атырау облыстық жедел штаб 28.04.2024 13:00 665

Атырау облысында үйі су астында қалған зейнеткер Дайрабай Елдесбаев қоғамдық штабта ерікті болып жүр деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Құлсары қаласы Жылыой ауданының тұрғыны қоғамдық штаб абдыраған тұрғындарға шынайы ақпарат, құқықтық көмек көрсетіп отырған нәтижелі механизмге айналғанын айтты.

Үйіміз суға кеткен кезде абдырап қалған халықпен бірге әкімдіктің, ТЖ жөніндегі жедел штабтың жұмысын жүргізбей тастадық. Бұл қалыпты жағдай еді, себебі халық бастапқыда үрейленіп қалды. Кейін Президенттің ұсынысымен қоғамдық штаб құрылды. Мен де сол штабқа мүше болып бардым. Өзім де халықтың бір өкілі болғандықтан тосын апаттан қиналып қалған халыққа көмек көрсеткім келді. Осылайша халық ішінен біраз белсенді азаматтар сайланып, қоғамдық штабты құрдық. Штаб құрылғалы бері үш мыңнан астам адамды қабылдадық. Оларға құқықтық сипатта кеңес беріп, білетін ақпараттарымызбен бөлісіп отырмыз",-дейді ақсақал.

Айта кетсек, қазіргі уақытқа дейін қоғамдық штаб жергілікті әкімдікпен бірлесе отырып, ХҚО, банк, "Қазпош" сияқты әлеуметтік нысандарды қайта іске қосуға атсалысты. Гуманитарлық көмектің төрт мекенжайдан беріліп, дәрі-дәрмектердің медицина қызметкерлері арқылы көмекті қажет етіп отырған адамдарға таратылуын қолға алды. Тасқын судан зардап шеккен  тұрғындардың материалдық көмек алуына құжат жинақтауына белсенді жәрдем етіп отыр.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға