Жаңалықтар

Құлсарыда су тасқынынан кейінгі тиісті жұмыстар жалғасып жатыр

Құлсарыда су тасқынынан кейінгі тиісті жұмыстар жалғасып жатыр
Фото: Бейнежазбадан скриншот 16.05.2024 00:31 626

Атырау облысының Жылыой ауданында болған тасқынына байланысты тиісті жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазір Құлсары қаласында ТЖМ құтқарушылары су тасқынының салдарын жою жұмыстарын басталды. Атырау және Маңғыстау облыстарының ТЖД қызметкерлері су сору жұмыстарын атқаруда.

Бүгінгі таңда су басқан аумақтардан 5,4 млн текше метр су сорылды. Сондай-ақ, ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімі мамыр айынан бастап су сорылған үйлер мен қоғамдық аумақтарда дезинфекциялау жұмыстарын іске асыруда. Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға