Жаңалықтар

Құлсарыда су басқан жерді тазарту келесі аптада аяқталады

Құлсарыда су басқан жерді тазарту келесі аптада аяқталады
Фото: Telegram/qr_tjm 24.04.2024 16:07 304

Құлсарыда су басқан жерді тазарту келесі аптада аяқталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мәлімдеді.

Оның сөзінше, Жем өзені арнасынан асып, Құлсары қаласындағы 2 920 үй су астында қалған. Бүгінгі уақытта Атырау облысының Жылыой ауданында тасқын судан бұзылған, бүлінген мүлікті бағалау жүргізіліп жатыр. Жалпы тұрғындардан 3676 өтініш түскен. Оның 3 334-і 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды.

Құлсары қаласы мен Жылыой ауданында қалпына келтіру жұмыстары кезінде 1,4 млн текше метрден астам еріген қар суы сорылды. Түрлі шағын аудандардағы 42 үйде дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілді.

Нысандары су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу жөніндегі консультациялық орталықтан 82 кәсіпкер кеңес алды. Орталық штатты режимде жұмыс жасап тұр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға