Жаңалықтар

Құлсарыда сауда нысандары қайта жұмысын бастады

Құлсарыда сауда нысандары қайта жұмысын бастады
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы 14.04.2024 14:37 395

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақованың мәліметінше, Құлсары қаласында қайтадан жұмысына кірісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жұмысын қайта бастаған сауда нысандарының қатарында 100 азық-түлік дүкені, 2 ірі супермаркет, 3 ірі көтерме сауда базары бар. Оған қоса аудан орталығындағы 20 шақты дәріхана да жұмысын бастаған.

Қаладағы қоғамдық тамақтану орындары да қалыпты жұмысқа кірісті. Тәулік бойы жұмыс істейтіндері де бар. Сауда орындарының иелерімен келісіп, бағаны негізсіз қымбатсытпауды қадағалап отырмыз, - деді Гүлнафис Айшуақова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға