Жаңалықтар

Құлсарыда 2,5 мың жеке тұрғын үй мен әкімшілік ғимаратты су басты

Құлсарыда 2,5 мың жеке тұрғын үй мен әкімшілік ғимаратты су басты
Фото: Атырау облыстық әкімдігі 05.04.2024 23:03 1332

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов бірнеше күннен бері тасқын судың алдын алу жұмыстарына атсалысқан тұрғындарға алғысын білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімнің айтуынша, жағдай тұрақталған соң арнайы комиссия құрылады.

Олар келтірілген залал есептеліп, материалдық шығынды өтеумен айналысады. Жұмыстар әлі жалғасады.

Қазір Атырау облысында су тасқыны бойынша жағдай өте күрделі. Атырау облысында бес өзен бар, соның үшеуі Ақтөбе өңірінен, екеуі Ресейден бастау алады. Қазіргі таңда Ақтөбе облысынан бастау алатын екі өзеннен қауіп сейілді. Ал Жем өзені арнасынан шығып, Құлсары қаласындағы екі мөлтек ауданға су кірді. Нәтижесінде 100-ге жуық тұрғын үйді су басты. Осы орайда зардап шеккен тұрғындардың барлық шығыны өтелетінін айтқым келеді. Бәрін бақылауда ұстап отырмыз, - деді әкім.

Сағат 22:45-тегі жағдай бойынша 2500 жеке тұрғын үй мен әкімшілік ғимаратты су басты.

ЖАО, ТЖД, ПД, ҚМ, Ұлттық ұлан күштері халықты эвакуациялауды жалғастыруда. Осы сағатта 4 мыңнан астам адам , оның ішінде 1 мыңнан астам бала эвакуацияланды.

Айта кетейік, Атырау облысында су тасқыны жағдайына байланысты Маңғыстау облысының ТЖД жедел тобы қазіргі уақытта жеке құрамнан 72 адам, шамамен 23 бірлік техника авариялық-құтқару мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу мақсатында Құлсары қаласына аттанды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға